Негізгі мазмұнға өту

Yesep туралы

Yesep.kz 1-9 сынып оқушыларына мектеп бағдарламасы бойынша математиканы бекітуге көмектеседі. Ата-ана баласына үйде ойнап үйрену үшін жазылады.

Біз немен жұмыс істейміз

Бағдарлама бойынша
Тақырыптар мен оқу мақсаттары ҚР үлгілік оқу бағдарламасынан алынған. Бағдарламада жоқ тақырып қосылмайды.
Ұпай тек дұрыс жауапқа
Кездейсоқ басу тиімсіз: бір қате комбоны нөлдейді. Рекорд пен рейтингке тек сервер қайта тексерген нәтиже жазылады.
Мазмұнды адамдар жазады
Ойындар мен сабақтар алдын ала жазылып, тексеріледі. Балаға және ата-анаға арналған бөлімдерде жасанды интеллект жоқ.
Баланың бөлімінде жарнама жоқ
Баланың бөлімінде бөгде скрипт пен жарнама жоқ, баланың оқу деректері жарнама жүйелеріне жіберілмейді.
Екі тілде
Сайт пен барлық ойын қазақ және орыс тілдерінде. Тілді әр экранда бір басумен ауыстыруға болады.